Универсиада: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде алтыншы орында тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы Қысқы Универсиадада сегізінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде алтыншы орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі дода АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатыр. Қысқы Универсиада 12 қаңтарда басталды, 22 қаңтар күні мәресіне жетеді.

Әзірге ел құрамасы қоржынында 3 алтын, 1 қола медаль бар.

Алғашқы алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес салса, бүгін шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев чемпион атанды.

Ал қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков 10 шақырымға спринт жарысында алтын алса, тағы бір биатлоншы Александр Мухинбір қола жүлдегер атанды.

Медальдар кестесінде жүлдеге іліккен 21 құрама енгізілген.

Көш басында Жапония 32 (15-12-5) медальмен келе жатса, одан кейінгі орындардағы Польшаның - 10 (4-3-3), Оңтүстік Кореяның - 5 (4-3-3) медалі бар.

Ал Чехия 8 (3-1-4) жүлдемен - төртінші, Финляндия 5 (3-1-1) жүлдемен бесінші сатыда тұр.


Соңғы жаңалықтар