Универсиада: Қазақстан хоккейшілері АҚШ құрамасынан жеңіліп қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы бесінші ойынын АҚШ-қа қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төрт турдан кейін қазақстандық хоккейшілер турнир кестесінде көш басында тұрған еді. Ал американдық құрама үшінші турда Словакия хоккейшілеріне 2:5 есебімен есе жіберді. Осыған байланысты олар жарыстың плей-офф сатысына шығу үшін ойынның негізгі кезеңінде жеңіске жетуі тиіс болды.

Кездесу барысында американдық Ханьюолл Мэттью 1-минутта есеп ашқан еді. Оған 4-минутта қазақстандық Батырлан Мұратов бір голмен жауап қайырды.

Одан кейін американдық хоккейшілер қатарынан үш шайба соғып кетті.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түсті. Бұған дейін олар 12 қаңтарда Оңтүстік Кореяны – 5:1, одан кейін Венгрияны – 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен жеңді.


Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар