Универсиада: Канада - Қазақстан кездесуі қай уақытта басталатыны белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалдағы Канадамен кездесуі қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Қысқы Универсиада АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатыр.

Канада мен Қазақстан кездесуі елорда уақытымен 20:35-те басталады.

Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түсті.

Топтық кезеңде ел құрамасы Оңтүстік Кореяны – 5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен жеңіп, АҚШ құрамасына 1:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша өз тобында 12 ұпаймен екінші орын алды. Бірінші орын дәл сондай ұпай жинаған АҚШ құрамасына бұйырды.

Ал канадалық хоккейшілер А тобында бірде-бір ойында жеңілмей, бірінші орын алды.


Соңғы жаңалықтар