Универсиада: Хоккейден Канада - Қазақстан кездесуі тікелей эфирден көрсетіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалдағы Канадамен кездесуі қай телеарнадан көрсетіліні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қысқы Универсиада АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Канада мен Қазақстан студенттер құрамаларының кездесуі елорда уақытымен 20:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ аталған телеарна финал мен 3-орын үшін сайысты тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.

Тікелей көрсетілімнің кестесі төмендегіше:

22 қаңтар. 00:05 Канада мен Қазақстан

22 қаңтар. 22:05 3-орын үшін сайыс

23 қаңтар. 04:10 Финал

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түсті.

Топтық кезеңде ел құрамасы Оңтүстік Кореяны – 5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен жеңіп, АҚШ құрамасына 1:4 есебімен есе жіберді.

Өз тобында 12 ұпаймен екінші орын алған олар доп айырмасымен АҚШ құрамасын алға шығарды.

Американдық хоккейшілер тағы бір жартылай финалда Жапониямен шеберлік байқасады.

Шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы дүбірлі додаға тоғыз мәрте қатысты. 1995 жылы Испанияның Хака қаласында чемпиондық тұғырға көтерілсе, 1993, 2013, 2015, 2017 жылдарда күміс, 2007 жылы қола медаль иегері атанды.


Фото: icehockey.kz


Соңғы жаңалықтар