+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

УНИВЕРСИАДА АТРИБУТТАРЫ

2016 жылғы 22 желтоқсан 15:27
Бөлісіңіз:

Ұран

Универсиада-2017 ұраны - «Қанатыңды кеңге жай!» жас спортшыларды ересек спорттың шыңын бағындыруға шақырады.

Логотип

Универсиаданың кез келген логотипі FISU аясында өткізілетін кез келген спорттық шараның фирмалық нышанының міндетті элементі болып табылатын U латын әрпінің бейнесін қамтуы тиіс.



Универсиада_1
2017 қысқы Универсиада логотипі стильдік қанат түрінде берілген және анық серпінді нысаны бар: жоғары сол оң өсуді, сондай-ақ биікке жетуге ұмтылысты білдіредіТалисман


Универсиада_2
Сұңқар - 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ресми бойтұмары

Универсиада бойтұмарының дәстүрлі атауы ойындар өткізетін елдің мемлекеттік тіліндегі жануар атауымен байланысты болады. Сұңқар қазақ тіліндегі жазбасы Сұңқар, ағылшынша Sunkar. Екеуі де жеңіл оқылады. Қай тілде болса да, жақсы қабылданады. Бойтұмардың сипатын (жас, ашық, талапкер) ашады.

Алау
Шырағдан Алау Эстафетасының негізгі атрибуты, ауыспалы құрылғысы болып табылады. Ол түрлі ауа райы жағдайында ашық ауада Алаудың сөнбей, қарқынды жанып тұруын қамтамасыз етуге қабілетті болуы тиіс.
Алау эстафетасы уақытында төмен температура жағдайында да ашық, қауіпсіз жалындап тұратын тұрақты жұмыс істейтін, сапалы, жеңіл шырағдандар қолданылады.



Универсиада_3
Шырағдан FISU талаптарына сәйкес келеді. Эстафета тұжырымдамасына сәйкес сап қозғалған сәтте Алау шырағданмен бірге алау ұстап шыққан адамнан келесі алау ұстап шыққан адамға беріледі.
Медальдар

Универсиада_4
Универсиаданың наградалық медальдары алтын, күміс, қола түрінде металл қорытпасынан классикалық стильде орындалды. Оларды түрлі-түсті эмальды пайдалана отырыпып, қазақстандық монета сарайы шығарды. Муарлы лентаға Универсиада логотипі енгізілді. Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада жеңімпаздары үшін наградалар жинағы үш медальдан тұрады - алтын, күміс, қола. Спорттың 12 түрінен барлығы 86 жинақ сарапқа салынады.
Барлық үш медальдің дизайны бірдей. Бұл дөңгелектің диаметрі 80 мм, қалыңдығы 6 мм. Беткі жағында (аверс) ортасында диаметрі 50 мм студенттік спорттың эмблемасы - «U» латын әрпі, бес жұлдыз, FISU аббревиатурасы орналасқан. Эмблеманың сыртқы жағынан айнала алдағы Универсиаданың «XXVIII WINTER UNIVERSIADE» атауы және эмблеманың төменгі жағында «ALMATY 2017» жазбасы орналасқан. Орталықтың сыртқы жағында қысқы пейзаждың элементтері - шырша, қысқы спорт түрлерінің керек-жарақтары - шаңғы, коньки бейнеленген. Орталықтың аясы жұмыр. Бедері күңгірт. Орталықтан тыс бейнелер бөлігі түрлі-түсті эмаль - жоса, жасыл, көгілдір, көк, жасыл түстермен көмкерілген.
Медальдің сырт жағында (реверс) ортада 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың эмблемасы - қанатты U әрпі, «XXVIII WINTER UNIVERSIADE» жазбасы, бес жұлдыз бейнеленген. Бұранда, қапсырма көмегімен медаль жазба және оюы бар көк түсті лентаға, лентаның төменгі жағы металл шығыршыққа бекітілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Универсиада,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT