УНИВЕРСИАДА-2019: Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден күміс жүлдені жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Михаил Литвин Неапольда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
400 метрге жарысқан желаяқтар арасынан Литвин мәреге екінші болып келді. Қазақстандық жеңіл атлет аталған қашықтықты 45.77 секундта жүгіріп өткен. Алтын медаль мексикалық Валенте Мендосаға (45.53) бұйырса, қоланы Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Гардел Эдвард Исакс (45.89) иеленді.
Еске сала кетейік, қазақстандық спортшылар Универсиада ойындарында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай чемпион атанса, гимнастар Нариман Курбанов пен Милад Карими және стенд атушы Зоя Кравченко мен жеңіл атлет Михаил Литвин күміс еншіледі. Стенд атудан қола жүлдені Сәрсенкүл Рысбекова иеленген.
- Хоккей: «Барыс» «Витязь» клубынан басым түсті
- Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Олимпиадаға іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Нидерландыдан жеңілді
-
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегін қайдан көруге болады
-
Жаңқош Тұраров тәжірибелі британдық боксшымен жекпе-жек өткізеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам