Универсиада-2019: Қазақстандық шорт-трекшілер финалға жолдама алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Красноярск қаласындағы Универсиада ойындарында шорт-трекшілер жарысы жалғасуда. Кеше ерлер мен әйелдер 500 метрге жарысудан бақ сынады деп жазады Olympic.kz.

Қыздар арасында қазақстандық Яна Хан 13-ші, Әлия Әмірғалиева 22-ші, Хадиша Бақыткереева 23-ші орында. Бұл сында үздік үштікке Франция, Ресей және Оңтүстік Корея спортшылары кірді.

Ерлерден сынға түскен Денис Никиша бесінші орыннан көрінсе, Нұрлыбек Бейсеев 19-шы, Евгений Ребик 21-ші сатыда.

Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер командасы эстафетадан финалдық кезеңге өтті.

Соңғы жаңалықтар