Универсиада-2017 ұйымдастырушылары әлемнің танымал спортшыларын шақырған жоқ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтетін дүниежүзілік қысқы Универсиадаға әлемдік спорттың танымал жұлдыздары қатыспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Универсиада-2017» дирекциясының директоры Наиль Нуровтың сөзіне сүйене отырып.

«Әрине, біз Универсиадада әлемдік спорттың супер спортсмендері мен  супер жұлдыздарын күтіп отырғанымыз жоқ. Бұл  Универсиада, студенттер ойыны. Екінші жағынан Универсиада жаңа жұлдыздардың есімін әйгілейтін болады. Жерлестеріміз, универсиада қонақтары спорттың болашақ жұлдыздарын көруіне мүмкіндік туады. Біршама уақыт өткеннен кейін: «Мен мына жұлдызды осыдан 2-3 жыл бұрын Алматыда көргенмін» деп айтатындар болады», - деді Наиль Нуров.

Сонымен қатар, ол қазақстандық спортшылар универсиада ойындарына белсенді дайындалып жатқанын айтты.

«Біздің серіктестердің көмегімен Универсиада ойындарының бюджетін 1 млрд теңгеге үнемдеу мүмкіндігі туып отыр. Оған дейін де 17 млрд теңгені үнемдегенбіз. Енді оған 1 млрд теңге және қосылды», - деді Н.Нуров.

Еске сала кетейік, Алматыда қысқы Универсиада 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Сайысқа 55 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысады. Универсиадада қатысушылар 8 ғимаратта 12 спорт түрінен бақ сынайды. Барлығы 543 медаль сарапқа салынады.  Универсиадаға 3 мың ерікті тартылып отыр. Шараға 30 мыңға жуық қазақстандық және шетелдік турист келеді деп күтіліп отыр. 

Соңғы жаңалықтар