Универсиада-2017: Рүстем Сыбай күміс жүлдегер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэе қаласында өтіп жатқан Универсиада-2017-де 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ауыр атлетшілер жарысы болып өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық Рүстем Сыбай 382 нәтижені көрсетіп, екінші орын алды. Ресейлік Егор Климонов (383) Универсиаданың рекордын орнатып, чемпион атанды. Таиланд спортшысы Сарат Сумпрадит (381)  қола жүлдеге ие болды. 

Соңғы жаңалықтар