Универсиада 2017-нің нысандары белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс - А.Есімов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мегаполистің инфрақұрылымында құрылысы басталатын обьектілерді аралап көрді.

Қала басшысы 1040 орындық кионоконцерт залы мен Универсиада 2017-нің болашақ нысандары, оның ішінде сыйымдылығы 12 мың орныдық және 3 мың орындық мұз ареналары мен Атлеттер ауылы бой көтеретін жерлерді көрді. Естеріңізге сала кетейік, басталатын құрылыстарды 2016 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған. Қала әкімі спорт нысандарының инфрақұрылымының құрылысы белгіленген кестеге сай жүруі тиіс екендігін атап көрсетті. «Бұл 2017 жылы өтетін қысқы Универсиада қарсаңында өте маңызды. Осы жақында ғана Алматыда студенттік спорттың Халықаралық федерациясының жұмысшы делегациясы болып, мегаполистің спорт нысандарымен танысты. Жоғарыда аталған нысандарды салу барысында олардың айтқандарын ескеру қажет», - деді А.Есімов. Сондай-ақ бүгін қала басшысы мегаполиске қосылатын аумақтарда да болды.

Соңғы жаңалықтар