Универсиада-2017: Қазақстан спортшылары ең көп медаль алған спорт түрлері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өткен 28-қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан спортшылары спорттың қай түрінен ең көп алтын жүлде еншілегені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі апта бойы әлем назарын өзіне аударған 28-қысқы Универсиада ойындарында жерлестеріміз ең көп бас жүлдені фрисайлдан жеңіп алды. Спорттың бұл түрінен 4 алтын олжалады. Екінші көп алтынды биатлоннан еншіледі. Спорттың бұл түрінен жерлестеріміз жеңіс тұғырының ең биік сатысына 3 рет көтерілді.
Ал шаңғы жарыстарынан 2 рет Елұранымыз шырқалса, мәнерлеп сырғанаудан 1 рет бөркімізді аспанға аттық. Міне, бұл спорт түрлері қазақ елін жалпы есепте көшбасшылардың қатарынан көрінуге мүмкіндік тудырды.
Спортшыларымыз ең көп күміс медалдьдарды биатлоннан иеленді. Спорттың бұл түрінен 3 күміс жүлде иеленсек, екінші көп күміс жүлдені шаңғы жарысынан қоржынымызға салды. Ал фристайл, хоккей, шорт-трек спортынан бір-бір күміс медаль бұйырды.
Ал қола медальды спортшыларымыз спорттың шаңғы және шорт-трек түрінен көбірек жинады. Шаңғы жарысынан - 5, шорт-тректен 5 қола қоржынымызға түсті. Одан кейінгі орында фристайл спорты. Бұл спорт түрінен 3 қолаға қол жеткізсек, биатлоннан - 2, конкимен жүгіру спортынан екі қола медаль еншіледік.
- Алматыда жаңа туған баланың денесі табылды
- Ұлықбек Есдәулет: Жазушылар одағы – әдебиеттің жоғын жоқтаушы, мұңын мұңдаушы
- Алматыда күдік тудырған жәшік үшін көшелерді жауып тастады
- Алматыда 67 жастағы әйел мен баласы қандала өлтіретін құралдан уланып қалды
-
Бокстан конфедерация кубогы: Елорда құрамасы финалда бақ сынайды
-
Алматыда әйгілі «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам