+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Универсиада-2017: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

2017 жылғы 30 қаңтар 12:06
Бөлісіңіз:
Универсиада-2017: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстан шаңғышысы Анна Шевченко үшінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 шақырымға созылған классикалық стильдегі шаңғы жарысында бастапқы жүлделі екі орынды ресейлік спортшылар жеңіп алды. Атап айтқанда, алтын медаль Лилия Васильева, ал күміс Анна Нечаеваға бұйырды. Қола медаль Қазақстан шаңғышысы Анна Шевченконың еншісінде.
Айта кетерлігі, Аннадан бөлек еліміздің атынан бұл жарысқа тағы 5 шаңғышы қатысқан болатын.

Шаңғы жарысы. Қыздар арасында. 5 шақырым. Классикалық стиль
1. Лилия Васильева (Ресей) - 14:08.6
2. Анна Нечаевская (Ресей) - +13.3
3. Анна Шевченко (Қазақстан) - +15.2
10. Ирина Быкова (Қазақстан) - +58.8
12. Ольга Мандрика (Қазақстан) - +1:02.6
13. Анна Стоян (Қазақстан) - +1:06.9
18. Ангелина Шурыга (Қазақстан) - +1:15.3
25. Анжелика Тарасова (Қазақстан) - +2:07.4.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT