Универсиада-2017: Дмитрий Баландин екінші медальға қол жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэйінде өтіп жатқан жазғы 2017 жылғы Универсиада ойындарында Дмитрий Баландин екінші медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бүгін 200 метрге брасс әдісімен жүзуден мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс жүлдегер атанды. Баландин аталған қашықтықты 2 минут 9 секундта жүзіп өтті.

Бұл сында бас жүлдені америкалық Эндрю Уилсонға (2 минт 8 секунд) жеңіп алса, үшінші орынды ресейлік Рустам Гадиров (2 минут 9 секунд).

Айта ктерлігі, бұл - Баландиннің Тайбэй Универсиадасындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде қола медаль алған.

Соңғы жаңалықтар