+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

UNICEF-пен бірлескен жоба: Елордада балалар мүддесін қорғайтын зертхана ашылды

2019 жылғы 8 қазан 12:31
Бөлісіңіз:
UNICEF-пен бірлескен жоба: Елордада балалар мүддесін қорғайтын зертхана ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі мен БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) елордада әлеуметтік инновациялар зертханасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Social Innovation» жобасының басты мақсаты – қазақстандық балалардың мүддесін қорғайтын әлеуметтік жобаларды қолдау мен дамыту.

«Зертхананың ашылуы – әлеуметтік инновацияларды дамытудағы ең дұрыс қадамдардың бірі. Аз ғана уақытта біз әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асырып үлгердік. ЮНИСЕФ-пен бірлескен жұмыс арқылы бұл жобалар өз мүмкіндіктерін жақсартып, өз аясын кеңейте алады», - деді Astana Hub технопаркінің атқарушы директоры Әділет Нұрғожин.

UNICEF-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизеннің айтуынша, заманауи технологиялар арқылы балаларды түрлі сын-қатерден қорғайтын жобаларды жүзеге асыруға болады.

«Қазіргі заман жылдам өзгеріп жатыр және балаларға төніп тұрған сын-қатер көп. Astana hub ерекшелігі – барлық меморган мен жеке сектор өкілдерін, жастар мен инноваторларды бір алаңға жинау мүмкіндігі. UNICEF үнемі балаларға арналған технологиялық шешімдерді табу үшін инновацияларды дамытумен айналысады. Мәселен, эбола немесе зика сынды эпидемия адамдармен қарым-қатынас арқылы жұғады. Сондықтан, балалардың қайда жүргенін бақылау маңызды. Қазір бәрі желіде отырады және мобильді технологиялар арқылы халық көп жиналған орындарды анықтап, жұқпалы аурулардан сақтануға болады», - деді Артур ван Дизен.

Зертхана серіктестерге үлкен деректерді қолдана отырып, балаларға арналған қолжетімді өнімдер мен қызметтерді инкубациялауға, жасанды интеллект, компьютерлік оқыту, виртуалды әлем, блокчейн және өзге де заманауи цифрлық технологияларды қолдануға мүмкіндік береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT