UNICEF балаларға жасалатын қатыгездік туралы ерекше видео түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - UNICEF балаларға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық мәселесі туралы ерекше видео түсірді. Ұйымның Қазақстандағы өкілдігі видеоны әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Уругвай көшелеріндегі пантомима әртістері бала тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлінбейтін отбасында қандай жағдайлар болатынын, ата-ананың қандай қатігездікке баратынын көрсетті.

«Уругвайдағы ЮНИСЕФ ең маңызды дүниені сөзсіз жеткізді. Көшедегі адамдардың көңіл-күйіне қараңыздар. Наразылық, реніш, мұң. Иә, бұған қараудың өзі қиын, бірақ сырт көз болуы керек», - делінген жазбада.

2018 жылдың наурыз айында жарияланған БҰҰ Балалар қорының есебінде балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің әлемдік мәселе екені айтылған. Әйтсе де, қатігездік фактілері жабулы күйінде қалып отыр. Әлем бойынша 10 баланың алтауына жақындары үнемі күш көрсетеді. Әлемдегі 10 ересек адамның үшеуі физикалық жазалауды қалыпты деп есептейді және ол бала тәрбиесі үшін қажет деген пікірде.

Сондай-ақ, есепте қазақстандықтардың көпшілігінің балаларды ұрып-соғуға кәдуілгі дүние ретінде қарайтыны айтылған. Ересектердің 2/3 бөлігі бір немесе бірнеше рет балаларына қатысты психологиялық және/немесе физикалық қысым көрсеткен. Интернаттық мекемелер мен мектептерде сауалнамаға қатысқан балалардың 62% отбасында таяқ жегенін айтқан. Балалардың 25-37% ұрып-соғудың куәсі болған.

Балалардың құқығын қорғау саласындағы мамандардың 46% отбасында балаларды ұрып-соғып жазалауды қолдаған.

Соңғы жаңалықтар