UNESCO Жібек жолы мұрасын зерттеп жүрген жас ғалымдарға грант ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – UNESCO өкілдері жастарды Ұлы Жібек жолының мұрасын зерттеуге бөлінетін стипендияға өтінім беруге шақырады. Бұл - UNESCO-ның жаңа бастамасы, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.
10 мың доллар грант мына тақырыптарды зерттейтін 12 жас ғалымға беріледі:
- Жібек жолының ортақ мұрасы және көпқырлылығы
- Жібек жолының мәдени саналуандығы
- Жібек жолы мұрасы қазіргі заманғы шығармашылықтың, мәдениетаралық диалогтың, әлеуметтік тұтастықтың, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықтың негізі ретінде.
35 жасқа дейінгі аспирантура студенттері грант алуға өтініш бере алады.
Зерттеулерге жеке тұлғалар да, жас ғалымдар тобы да қатыса алады.
Өтінімдер 18 сәуірге дейін қабылданады.
Толық ақпаратты UNESCO ресми сайтынан табуға болады.
- ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді
- Қазақ даласынан құнды деректер жинаған – Бүгін Томас Аткинсонның туған күні
- Руслан Бекетаев ЕЭК-тің Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды
- Алматылық ғалымдар 51 млн теңгенің грантын ұтып алды
-
Ғалымдар коронавирус инфекциясы алдында осал қан тобын анықтады
-
Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам