UNESCO ғаламшарды қорғауға үндейтін жаһандық қозғалысты бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UNESCO биоалуандықты қорғаушыларды біріктіріп, жер тұрғындарын ғаламшарды қорғауға үндейтін жаһандық қозғалысқа бастамашылық жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйым баспасөз қызметінің мәліметінше, UNESCO «Адам және биосфера» бағдарламасының 50 жылдығына орай биоалуандықты сақтауды жақтайтын мүдделі тараптардың қатысуымен Биоалуандық жөніндегі форум ұйымдастырады.

Форум мақсаты – жетекші халықаралық келіссөздерге ықпал ету.

Биоалуандық саласындағы білім мен ноу-хоудың сақтаушысы саналатын UNESCO елу жылдан астам уақыттан бері жер шарының 6 пайыздан астам аумағын қамтитын қорғалатын нысандардағы желілер арқылы экологиялық проблемалардың нақты шешімдерін әзірлеп келеді.


Соңғы жаңалықтар