UNESCO: 2020 жыл Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арналады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жыл Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арналатын болды.

Қуанышты хабарды бүгін UNESCO-дан Халықаралық түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жеткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«UNESCO-дан сүйінші хабар: Келесі 2020 жыл түгел түркінің абызы Тоныкөк бабамыздың жазба ескерткішінің 1300 жылдығына арналады. Құтты болсын!»,-деп жазды Дархан Қыдырәлі өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, Тоныкөк Екінші Шығыс Түркі Қағандығының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер.

Осыған дейін археологтар Моңғолиядағы Тоныкөк ескерткішінің маңайынан 1300 жыл бұрынғы саусақ іздерін тапқандығын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар