Үндістанның үкіметі 1 мың ауылға интернет жеткізіп бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның үкіметі елдегі 1 мыңнан астам ауылға кең жолақты ұшқыр интернет жеткізіп бермек, деп жазады Mashable .

Елдің Қаржы министрі Арун Джетлидің хабарлауынша, бұл жобаға мемлекет 1,4 млрд доллар жұмсайды. Үкімет ауылдарда Digi Gaon онлайн-курстарын жүргізуді көздеп отыр.

Бұған дейін елдің электроника және ақпараттық технологиялар министрлігі таяу жылдарда Digital Village бағдарламасы аясында 1050 ауыл тегін Wi-Fi желісімен қамтамасыз етілетіндігін мәлім етті.

Қазіргі уақытта миллиардқа жуық Үндістан тұрғынына ғаламторға қосылуға мүмкіндік қарастырылмаған.

Соңғы жаңалықтар