+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Үндістанның солтүстігінде нөсер жауыннан қаза тапқандар саны 52-ге жетті

2021 жылғы 21 қазан 15:13
Бөлісіңіз:
Үндістанның солтүстігінде нөсер жауыннан қаза тапқандар саны 52-ге жетті

УТАРАНЧАЛ. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстігіндегі Уттаранчал штатында нөсер жаңбыр мен көшкін салдарынан құрбан болғандардың саны 52-ден асты деп хабарлайды ҚазАқпарат The Economic Times басылымына сілтеме жасап.

Ресми мәліметтерге сәйкес, қираған ғимарат үйінділерінен тағы алты мәйіт табылған. Бесеуі хабар-ошарсыз кетті деп есептеледі, 17 адам түрлі жарақат алған.

Өлім жағдайларының көпшілігі үйлердің қирауынан болған деп айтылған. Уттаранчал штатының Найнитал қаласында 28 адам қаза тапқан.

Утаранчал штатынан Химачал-Прадеш штатының Киннаур ауданындағы Чхиткул ауылына бет алған 11 адамдық трекинг тобы нөсер жаңбыр мен көшкін салдарынан ресми түрде жоғалып кеткендердің қатарына кірмеді.

Үндістанның табиғат апаттарына қарсы ұлттық күштер Утаранчал штатының су басқан аймақтарындағы жүздеген адамдардың құтқарылғаны туралы хабарлады. 17 құтқару тобын Федералды күштер жіберді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT