USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Үндістанның шығысында болған атыс 14 адамның өмірін қиып кетті

2021 жылғы 5 желтоқсан 12:57
Бөлісіңіз:
Үндістанның шығысында болған атыс 14 адамның өмірін қиып кетті

НАГАЛЕНД. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстік-шығысындағы Нагаленд штатында әскери операция кезінде ауыл тұрғындарын көтерілісшілер деп шатастырған. Атыс салдарынан кем дегенде 13 бейбіт тұрғын мен Үндістанның қауіпсіздік күштерінің бір өкілі мерт болды, де хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, қауіпсіздік күштері көтерілісшілерге қарсы операция жоспарлаған. Алайда олар жақын маңдағы ауылдың тұрғындарын көтерілісшілер деп қателескен. Нәтижесінде әскерилер бірнеше бейбіт тұрғынды атып тастады.

Мұны көрген басқа ауыл тұрғындары әскерилерге шабуыл жасаған, соңғысы, дереккөзге сәйкес, «өзін-өзі қорғау мақсатында» оқ жаудырған және тағы бірнеше бейбіт тұрғын өлтірілген. Сондай-ақ бір әскери адам қаза тапты.

Үндістан ІІМ басшысы Амит Шах өзінің Twitter-дегі парақшасында қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. Оның айтуынша, штат комиссиясы оқиғаға қатысты жан-жақты тексеріс жүргізеді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT