Үндістанның шай индустриясындағы экологиялық қайшылықты көрсеткен ұйым жабылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Гринпис» экологиялық ұйымы Үндістанда өз жұмысын тоқтатуы мүмкін деп хабарлады, ВВС агенттігі.

Себебі, Үндістан билігі халықаралық экологиялық ұйымның банктегі есеп шоттарын «тұсап» тастаған.

Экологтар қолдағы қаражат отыз күнге ғана жететінін айтады.

Үндістанның Ішкі істер министрлігі «Гринпистің» шоттарына сәуір айында тыйым салған. Министрлік ұйымды салық заңнамасын бұзып, елдің экономикалық мүддесіне қарсы шыққанын алға тартты.

Ал, экологтар Үндістандағы шай индустриясындағы зиянды пестицидтердің қолданылуына қарсы жүргізген зерттеулер науқаны аталған жағдайға себеп болғанын жария етті.

Соңғы жаңалықтар