Үндістанның Премьер-Министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Моди Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен тезірек сауығып кетуін тілеймін. Біз досымыз және стратегиялық серіктесіміз – Қазақстанды коронавирус пандемиясына қарсы күресте қолдаймыз», - деп жазды Үндістанның Премьер-Министрі Twitter -де.

Еске салайық, 18 маусымда Елбасының коронавирусқа жасаған ПЦР-тесті оң нәтиже бергені белгілі болды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы медицина қызметінің бақылауында екенін хабарлады. Елбасы заманауи коммуникация каналдарын қолдана отырып, қашықтан жұмыс істеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар