Үндістанның Премьер-Министрі Манмохан Сингх Астанаға ресми сапармен келеді

None
None
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 15 және 16 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Үндістан Премьер-Министрі Манмохан Сингхтің Астанаға ресми сапары өтеді.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

«Жоғары деңгейдегі келіссөздер нәтижесі бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады деп күтілуде. Сондай-ақ, сапар аясында екіжақты экономикалық, ынтымақтастық бағыттар бойынша бірқатар келісімшарттарға қол қою жоспарлануда»,-деді А. Әбдірахманов.

Ресми өкілдің айтуынша, Қазақстан тарапы алдағы сапар екі мемлекет арасындағы стартегиялық әріптестіктің дамуында елеулі нәтиже беретініне, сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастықта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа серпін жасайтынына сенімді.

Соңғы жаңалықтар