+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Үндістанның оңтүстігінде болған көлік апатынан сегіз адам көз жұмды

2021 жылғы 24 шілде 14:22
Бөлісіңіз:
Үндістанның оңтүстігінде болған көлік апатынан сегіз адам көз жұмды

НЬЮ-ДЕЛИ.Синьхуа - ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігінде, Телангана штатында екі көлік соқтығысып, сегіз адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Үндістан мен Малайзияда коронавирус өршіп тұр Атырауда көлік апатынан 4 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды Алматыда жеңіл көлік ағашқа соғылып, бір адам қаза тапты

Оқиға жұма күні кешке Телангана әкімшілік орталығы Хайдарабад қаласынан оңтүстікке қарай 120 км жерде орналасқан Нагаркурнул округінде болды.

Көліктегі 6 жолаушы мен жолдан өтіп бара жатқан екі жүргінші зардап шеккен, деп хабарлады жергілікті полиция.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі автомобиль де жоғары жылдамдықпен келе жатқан.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Телангана провинциясының бас министрі Чандрашекхар Рао қаза тапқан адамдардың туыстарына көңіл айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT