Үндістанның құнды қағаздар нарығын реттеушісі Astana Finance Days-ге шақырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың 22 наурызында Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсенбаев аталған елдің Құнды қағаздар және биржа жөніндегі кеңесінің (SEBI) басшылығымен екі елдің қаржы саласындағы ынтымақтастығын дамыту келешегін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

SEBI бірінші басшысы С.Мохантамен және SEBI бас директоры А.Митванимен кездесулер барысында 2018 жылдың наурызында «Астана» халықаралық қаржы орталығының Үндістанның құнды қағаздарын нарығын реттеушімен қол жеткізген уағдаластығы жан-жақты талқыға түсті.

Үндістан тарапы «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірқатар жоба бойынша өзара іс-қимылға жоғары қызығушылық танытып отырғандықтарын атап өтті. Сонымен қатар Ынтымақтастық туралы келісім жобасы қазіргі уақытта Үндістан Қаржы министрлігінің келісім рәсіміне берілгендігін хабарлады. Дегенмен, SEBI басшылығы аталған құжатқа қол қойылғанға дейін де «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықта жұмыс істеуге және оның қызметінің түрлі бағыттарына жәрдем көрсетуге дайын екендігіндігін мәлімдеді.

Қазақстандық дипломат SEBI басшылығын 2019 жылдың шілдесінде Қазақстан астанасында өтетін Astana Finance Days форумына қатысуға және үндістандық делегациясының сапары аясында ынтымақтастықты одан ары тереңдету бойынша келіссөздер жүргізуге шақырды.

Автор:Садық Әкижанов

Соңғы жаңалықтар