+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Үндістанның Қазақстандағы Елшісі: Махатма Ганди – заман адамы

2019 жылғы 1 қараша 16:51
Бөлісіңіз:
Үндістанның Қазақстандағы Елшісі: Махатма Ганди – заман адамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістан халқы 1869 жылы 2 қазанда дүниеге келіп, қарапайым отбасында тәрбие алып, Үндістанды британдық отарлаудан азат ету ұлттық қозғалысының көшбасшысына айналған, кезінде Махатма Ганди есімімен танымал болған Мохандаса Карамчанды Гандидің 150 жылдық мерейтойын тойлауда. Бұл туралы Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Прабхат Кумардың мақаласында жан-жақты айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік талқыланды Қазақстан Елшісі ҚХР Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды Асқар Мамин Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла бен Сауд әл-Танимен кездесті

«Ол Үндістан халқының өмірінің барлық салаларына нәр беріп, қозғау салған, зорлық-зомбылықсыз бейбітшілікке ұмтылған, Үндістан халқы үшін ғана емес барлық әлем халқының өміріне шабыт сыйлаған тұлға. Әлемге қандай жолдау арнайсыз дегенде ол «Менің өмірім – бұл менің үндеуім« деп жауап берген болатын.

Махатма Ганди күрескерлерді ең қиын қанды соғыс кезеңінде де Үндістан бостандығы үшін күш қолданбай күрес жүргізуге үйретіп, машықтандырды. Ол Үндістан халқын өзі ойлап тапқан «сатьяграхи« немесе шындықтың күшімен дамудың бәсең әрекеті арқылы ешқандай азаматтық күштеусіз-ақ және ынтымақтастықсыз-ақ саяси экономикалық дамуға қол жеткізуге үйретті.

Бұл тәжірибелер Үндістанның әлемдегі бірден бір алып демократиялық елге айналуына үлкен септігін тигізді. Демократиялық тәжірибе Үндістан халқын бейбіт жолдар арқылы өзінің алға дамуға деген ұмтылысын білдіруге сондай-ақ, кезекті парламенттік сайлауларға және ұлттық жиналыстарға қатысуға, халықтың үмітін ақтайтын үкіметті таңдауға мүмкіндік берді.

Сондықтан да, сайлауда жеңіске жетіп үкіметті жасақтаған саяси партиялар сайлаушылардың талаптарына сәйкес бағдарламаларды іске асыруға және орындауға жауап береді. Сайлаушылар үкіметтің жұмысын келесі сайлауда оларды қолдау немесе қолдамау арқылы білдіре алады.

Ганди қазіргі таңда тек зорлық-зомбылықсыз күш қолданбауда ғана маңызды емес, көптеген салаларда соның ішінде, экономика, білім беру, денсаулық сақтау салаларында өзінің көзқарасын қалыптастырды, сондай-ақ, ХХ ғасырдағы әйгілі Оңтүстік Африка көшбасшысы Нельсон Мендел, АҚШ-тағы азаматтық құқықтың көшбасшысы кіші – Мартин Лютер Кинг, Польшаның Леха Валенс оны ХХ ғасырдағы ұлы көшбасшылардың бірі ретінде мойындады. Гандидің көзқарастары саясат пен қақтығыстарды шешумен қатар, экономикалық, философия және руханият сияқты түрлі салаларда да өзінің қолтаңбасын қалдырды.

Кіші – Мартин Лютер Кинг «Егер адам дамуды қаласа, сөзсіз ол – Ганди. Ол бейбіт болашаққа және үйлесімділікке қарай дамып, адамзаттың көзқарастарын шабыт алып өмір сүрді, ойлады және әрекет етті. Біз өзіміздің қауіпімізбен оны елемеуіміз қажет« деп жазды.

Үндістан Махатма Ганди үшін маңызды болған тазалықпен қамтамасыз ету миссиясын бастады. «Свах Бхарат« немесе «Таза Үндістан« атауын алған қозғалыстың негізгі мақсаты – Үндістан азаматтары салауатты өмір салтымен және жасыл қоршаған ортада өмір сүре алатындай таза Үндістан құру.

Біз дамуға ұмтылу барысында қоршаған ортаға зиян келтіріп жатқанымызды, ғаламшарамызға, нақтырақ айтсақ өз денсауығымызға нұқсан келтіріп жатқанымыды ескермедік. Ганди біз қазір ғана түсініп жатқан мәселені «Жер – адамның ашкөздігін емес, әр адамның қажеттілігін қатағаттандыра алады« деп айтқан болатын.

Үндістан 2015 жылы Парижде өткен БҰҰ-ның 21-конференциясында климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясында қол жеткізген келісімдерді сақтайды, сонымен қатар, өз мақсаттарына жету үшін батыл қадамдар жасайды.

Таза энергияны пайдалануды ілгерілету мақсатында күн энергиясын пайдалануға ықпал жасайтын Үндістан Франциямен бірлесіп Халықаралық күн одағын (ISA) құрды. (ISA) келісім шартыаы 2016 жылдың қазан айында қол қойдық, қазірдің өзінде 79 мүшесі бар.

Махатма Гандидің өмірі және шығармашылығы Үндістанды ғана емес бүкіл әлем халқын шабыттандырады. Ағымдағы жылы Үндістан 150 жылдық мерейтойды тойлап қана қоймайды, сонымен қатар, алға қойған жоспарларға сәйкес бірнеше саяси шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге асырады. Бұл Ганди үшін нағыз сый-құрмет болмақ.

Қазақстандағы Үндістан Елшілігі Гандидің ойлары мен көзқарастарын жалпыға жеткізу мақсатында және 150 жылдық мерейтой қарсаңында бірнеше бағдарламаларды атап өтеді. Жақында жүзеге асатын жобалардың ішінде Гандидің қазақ тіліне аударылған «Менің тәжірибелерімнің шынайы тарихы« деп аталатын өмірбаяны да бар», - деп жазады автор.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT