Үндістанның әскери кемесі Бенгал шығанағында апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішінде экипаждың 28 мүшесі болған Үндістан әскери-теңіз күштерінің торпеда ұстаушы кемесі елдің оңтүстік-шығыс жағалауында суға батып кетті.

Апат салдарынан бір адам қаза тапты.

NDTV арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға Андхра-Прадеш штатындағы елдің ірі айлақтарының бірі болып табылатын Вишакхапатнам қаласының жағалауында орын алды.

Құтқару операцияларының барысында 23 адамды ажалдан арашалап қалудың сәті түсті, ал төртеуінің тағдыры белгісіз. Іздеу жұмыстарына төрт тікұшақ, ұшақ және құтқару кемелері жұмылдырылған.

Торпеда ұстаушы кеме жақында басқа кемелер қолданған оқу-жаттығу торпедаларын жинау кезінде 370 метр тереңдікте суға батқаны хабарланды. Алдын ала болжам бойынша, оған кеме қабырғасында пайда болған жарық себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар