Үндістаннан алынатын үш вакцина қаншалықты сапалы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістаннан алынатын вакциналар әлемнің 70 мемлекетінде қолданылады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі коронавирустық инфекцияға қатысты ағымдағы жағдай және Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алу мәселесіне қатысты өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үндістаннан міндетті түрде қолданатын үш вакцина аламыз. Оның біреуі АДС-М вакцинасы, екіншісі қызылшаның алдын алу үшін қолданылатын вакцина, ал үшіншісі туберкулезге қарсы вакцина. Үш вакцина да ДДСҰ-ның алдын ала тексерісінен өткен. Өзінің арнайы сертификаты бар және әлемнің 70 мемлекетінде қолданылады. Олар нәтижелігі мен қауіпсіздігін дәлелдеген», - дейді «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп.

Оның айтуынша, барлық вакцинаның бағасы туралы айту мүмкін емес.

«Көп вакцина тікелей шарттасқан компаниялар арқылы алынады, ол құпия ақпарат болып саналады. Бірыңғай дистрибьютер сатып алуды өткізген кезде біздің Денсаулық сақтау министрлігінде шекті баға қойылады. Біз ол шекті бағадан едәуір төмен бағада сатып алып отырмыз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар