+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Үндістандықтар Түркістан облысына тау-шаңғы курортын салады

2019 жылғы 16 мамыр 01:31
Бөлісіңіз:
Үндістандықтар Түркістан облысына тау-шаңғы курортын салады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев «Chaudhary Group (CG Global)» трансұлттық компаниясының басқарма төрағасы Бинод Чаудхари жəне атқарушы директоры Варун Чаудхаримен кездесті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, басқосуға «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдері мен ҚР Үндістандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Болат Сарсенбаев қатысты.

Кездесу барысында М.Мырзалиев Түркістан облысындағы бірқатар қолжетімді жобаларды таныстырып, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен қазіргі тұрмыс-тіршілігі жайында толыққанды ақпарат берді.

Аймақтың мүмкіндіктерінен хабардар болған «Chaudhary Group (CG Global)» компаниясының өкілдері бірқатар жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, қонақтар «Қасқасу» тау-шаңғы курортын салып, соған лайық қонақ үйлер мен инфақұрылым жүйелерін тартпақ. Жобаны жүзеге асыру үшін Испания немесе Швейцариядан тәжірибелі мамандарды тартуды көздеп отыр. Сонымен қатар, Түркістан өңірінен қонақ үй алып, кеспе өнімдерінің өндірісін кеңейту және өңірде «Food Park» азық - түлік паркін құруды ақылдасты.

Сондай-ақ, жиын барысында «Chaudhary Group (CG Global)» өкілдері Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келетіндерін айтты. Іссапар аясында олар Қазығұрт ауданының индустриалды аймағында болып, ондағы тез дайындалатын кеспе өндірісі бойынша зауыт құрылысының барысымен танысады.

Айта кетейік, зауыт 2019 жылдың 1 шілдесінде толық іске қосылады деп жоспарланған. Жобаның инвестициялық құны 15 млн. АҚШ долларын құрайды. Өндірілген кеспе өнімдері Ресей, Өзбекстан жəне Қырғызстан сияқты көршілес елдерге экспорттау көзделуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT