Үндістандық IndiGo лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін ашады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның IndiGo төмен бюджеттік әуе компаниясы 2023 жылғы 15 тамыздан бастап Дели – Алматы бағыты бойынша А-320 және А-321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен Қазақстанға ұшуларды бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, IndiGo әуе акомпаниясы - Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік тасымалдаушысы. Лоукостердің Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің қолжетімділігіне оң әсер етеді және бәсекелестікті арттырады.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің ұлғаюы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.


Соңғы жаңалықтар