+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Үндістанды аптап ыстық буып тұр: 29 адам ажал құшты

2019 жылғы 17 маусым 00:17
Бөлісіңіз:
Үндістанды аптап ыстық буып тұр: 29 адам ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бір айдан бері Үндістанның солтүстігі мен шығысын аптап ыстық буып тұр. Елдің солтүстік шығысындағы Бихар штатында кем дегенде 29 адам көз жұмды, деп хабарлайды Times of India газеті.

Басылымның деректеріне сәйкес, қайтыс болғандардың басым бөлігі - 25 адам Аурангабад округінің тұрғындары, қалған төртеуі Навада және Гайя округтерінен.

Бұлардан басқа тағы 30-дан астам адам ауруханаға жатқызылған.

Бихарда соңғы бірнеше апта бойы бұл маусымға тән емес аптап ыстық сақталып тұр. Термометр бағаны күндіз 40 градустан төмен түспейді. Ал Нью-Делиде 10 маусымда 50 градустан асып кетті. Бұл Үндістан астанасы тарихындағы ең жоғары температура.

Биыл муссонның Үндістанға кешігуі ауа райының ұзақ уақыт ыстық болуына соқтырды.

Синоптиктердің атап өтуінше, 30 күннен бері аптаптың беті қайтпай отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Ауа райы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT