Үндістандағы жылу электр стансасында жарылыс болды

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Үндістандағы жылу электр станциясындағы қазандықтың жарылуынан кем дегенде төрт адам қаза тауып, тағы 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, оқиға Тамилнад оңтүстік штатының Куддалор округінде болған.

Жарылыстың себептері әзірге белгісіз. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар