Үндістандағы жол апаты 11 адамның өмірін қиып кетті

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Жұма күні Үндістанның оңтүстігіндегі Карнатака штатында жүк көлігі мен жолаушылар фургоны соқтығысып, салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақаттанған. Бұл туралы ҚазАқпарат Hindustan Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, оқиға Дхарвад аймағындағы күре жолда орын алған. Мерт болғандардың көбі - әйелдер. Сондай-ақ автофургон жүргізушісі қаза тапты. Зардап шеккен бірнеше адамның жағдайы ауыр.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.


Соңғы жаңалықтар