Үндістандағы жер дауы 9 адамның өлімімен аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстігіндегі елді мекендердің бірінде болған жер дауынан 9 адам өліп, кем дегенде 19 адам жараланған. Бұл туралы PTI агенттігі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттіктің хабарлауынша, бірнеше жер учаскесінің кімге тиесілі екендігі нақты көрсетілмеуі үлкен даудың тууына соқтырған. Ымыраға келе алмаған Сапахи елді мекенінің ақсақалдары қастарына жақтастарын ертіп алып, ығына жығылмаған өзге ауыл тұрғындарына оқ жаудырған. Артынша, екі жақтан 100-ге жуық адам жанжалға араласып, қанды төбелес басталған.
Құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, қаза тапқандардың үшеуі – әйел. Штаттың үкіметі дауды басу үшін күшейтілген полиция жасағын жіберді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бүлік шыққан аудандағы жағдай толығымен бақылауға алынған.
- Ресейдегі ірі жол апаты: автокөлік 12 адамды қақты
- Маңғыстау тұрғыны өзі жалдаған жұмысшыны өлтіріп, 10 жылға сотталды
- Алматыда күдік тудырған жәшік үшін көшелерді жауып тастады
- Жамбылда жыл басынан бері 140-тан астам көлік өртенген
-
Одесса колледжіндегі өрт: Владимир Зеленский 8 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады
-
Нұр-Сұлтан-Павлодар трассасында жүкті әйел мен тағы 7 адам құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам