Jańalyqtar
Үндістандағы жарылыс: 6 адам қаза тапты, үшеуі ауыр халде
2018 жылғы 12 қыркүйек 13:27
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Биджнор қаласында орналасқан химиялық зауытта жарылыс болып, үш адам ауыр жарақат алды, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды UNI агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, зардап шеккен азаматтар аса ауыр халде ауруханада жатыр.
Полицейлердің мағлұматтарына сәйкес, апатқа газ баллонының жарылуы себеп болған. Жарылыстан кейін ғимараттың іші отқа оранған. Құрбандарының барлығы - зауыт жұмысшылары.
India TV телеарнасының мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жасап жатыр. Арнайы қызмет өкілдері әзірге тілсіз жаудың бетін қайтара алмауда.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
- Аязда көлігі сынып, бір шақырымдай жаяу жүрген жүргізуші құтқарылды - ШҚО
- Жамбыл облысында қарлы боран: шұғыл штаб құрылды
- Боранға байланысты Қапшағайдан ШҚО шекарасына дейінгі жол жабылды
-
Петропавлда үш аялдаманы қиратқандар шығынды өз қалталарынан өтейді
-
Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жол жабылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER