Үндістандағы турнирден шыққан шу: Қазақстан шахмат федерациясы түсініктеме берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан шахмат федерациясы Үндістандағы Гран-при турнирі айналасынан шыққан келіспеушілікке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан шахмат федерациясы осы турнирге қатысты барлық мәселелер FIDE мен Үндістандағы турнирді ұйымдастырушылардың құзырында екенін мәлімдейді. Федерация өз тарапынан қазақстандық спортшыларға қолдау білдіріп, әлемде әйелдер арасындағы шахмат турнирлерінің ұйымдастырылу деңгейі жоғарылайды деп үміттенеді. Сондай-ақ, Қазақстан шахмат федерациясы FIDE және барлық мүдделі тараптармен аталған мәселені талқылайды. Біздің белді шахматшылар бұл келіспеушілікті жүйелі шешіп, өз талантымен жаңа жеңістерге жетіп, бізді қуантады деген сенімдеміз

, - делінген федерацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, кеше шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде пост жариялап, онда Делиде басталған маңызды Гран-при турнирінен Жансая Әбдімәлік аяқасты кетіп қалғанын жазды. Айтуынша, «Жансаяға ұйымдастырушылардың дұрыс қарсы алмауы ұнамаған».

Өз кезегінде Жансая Әбдімәлік бұл қадамға бару себебін түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, «Үндістандағы турнирде ұйымдастырушылар жасаған жағдайға өзі ғана емес, Асаубаеваны қоса алғанда, әріптестері де риза болмаған. Олар ақылдаса келе, FIDE президенті мен аппарат басшылығына ойларын білдіріп, ұжымдық хат жазған. Жарысты кейінге қалдыру немесе оны өткізбеу жөнінде ұсыныс жасаған». Айтуынша, «хатқа Асаубаеваны қоса алғанда, турнирге қатысушылардың барлығы дерлік қол қойған».

Сонымен бірге, Жансаядан кейін неміс шахматшысы Элизабет Петц те жарыстың үшінші кезеңіне қатысудан бас тартты. Оған турнирдің ұйымдастырылу форматы ұнамаған. Атап айтқанда, бұл сайыста Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) қалыптастырған жаңа ережеге сай, партияны дәстүрлі ақ және қара қара фигуралармен ойнауға болмайды.

Өз кезегінде спортшыларға келтірілген қолайсыздық үшін FIDE президенті Аркадий Дворкович қатысушылардан кешірім сұрады.


Соңғы жаңалықтар