Үндістандағы су тасқыны 40-тан астам адамның өмірін қиып кетті

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның оңтүстік-шығысындағы Андхра-Прадеш штатында қатты муссондық нөсер және оның салдарынан болған су тасқынынан кем дегенде 41 адам қаза тапты, 100-ден астам тұрғын із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы дүйсенбі күні The Times of India басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 қараша күні кешке басталған нөсер салдарынан Раяласима мен Неллуру округтерінде 1 316 ауылды су басып, ондағы қалыпты өмірді бұзды. Су тасқыны салдарынан Тирупати қаласындағы көпірлер қирап, қалаға апаратын теміржол және автокөлік қатынасы тоқтады.

Билік зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған Әуе күштері мен табиғи апаттармен күрес жөніндегі қызметтің тікұшақтары жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар