Үндістандағы өрттің салдарынан 18 бала мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Гуджарат штатына қарасты Сурат қаласында төрт қабатты коммерциялық ғимарат өртенді. Оқиғаның салдарынан 18 бала мерт болды, сонымен қатар тағы бірнеше адамның жарақат алғаны хабарланды.
Бұл туралы ҚазАқпарат The Times of India порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қою түтін мен жалыннан қашқан бірнеше оқушы ғимараттың үшінші және төртінші қабаттарынан секіріп кеткен. Олардың көпшілігі ауруханаға түсті. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда»,-деп хабарлады қалалық өртке қарсы күрес қызметі.
Өрттен сақтандыру диспетчерлік қызметінің өкілі тілсіз жауды ауыздықтау мен адамдарды құтқару үшін 19 өрт сөндіру техникасы мен 2 биікке көтеретін құрылғылар қолданылғандығын жеткізді.
Үндістанның Премьер-Министрі Наредра Моди өрттен қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, Гуджарат штатының басшылығы мен жергілікті билік өкілдерін зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді міндеттеді.
- Павлодар облысында көлік өртеніп, екі бала мен үш адам зардап шекті
- Непалда автобус құздан құлап, 14 адам мерт болды
- Ямайкалық бойжеткен «Әлем аруы 2019» атанды
- Алматы орталығында жатақхана өртеніп, бір адам ажал құшты
-
Ақтауда жаттығу кезінде 23 жастағы спортшы қаза тапты
-
Түркістанда мұғалімді ұстап әкеткен полицей қызметінен шеттетілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам