Үндістандағы көпірдің құлауы: Құрбан болғандар саны 141 адамға жетті
Қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін, көп адам із-түзсіз жоғалды. Көпір ұзақ жөндеу жұмыстары аяқталған соң бірнеше күннен кейін құлады.
BBC-дің Оңтүстік Азиядағы тілшісі Йогита Лимайенің хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең қайтыс болғандар саны 141-ге жетті.
Полицияның есебінше, 170-тен астам адам құтқарылды, 15 адам ауруханаға жіберілді.
Қаза болғандардың көбі ата-аналарымен бірге үнділердің басты мерекелерінің бірі – Дивали тойлауға келген балалар.
Морби қаласындағы Махчу өзеніндегі көпір жарты жыл жөндеуден кейін қайта ашылып, бірнеше күн өткен соң, жексенбі кешінде құлады.
Жергілікті биліктің мәліметінше, көпірге және оның жанына Дивали мерекесін тойлап жүрген 500-ге жуық адам жиналды. Салдарынан көпір асылған кабельдер үзіліп, адамдар өзенге құлаған.
Осыған дейін көпірдің құлауы салдарынан мерт болғандар саны 90-нан асқанын жазған болатынбыз.