Үндістандағы апаттан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Үндістанда мерекеде тойлап жүрген халықты пойыз басып өткен болатын. Орын алған оқиғадан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үндістан Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала хабарлауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров. 

Оқиға Үндістанның солтүстігіндегі Пенджаб штатының Амритсар қаласында болған. Пойыз мейрамда тойлап жатқан халықты басып өтіп, салдарынан 60 адам мерт болған. 100-ге жуық адам жарақат алған.

 

 

Соңғы жаңалықтар