Үндістандағы алапат нөсер: 45 адам із-түссіз жоғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында қалың қар жауып, соңы алапат нөсерге ұласқан. Салдарынан су тасқыны болып кем дегенде 45 адам, соның ішінде Рурки қаласындағы технологиялық институттың 35 студенті із-түссіз жоғалған.

 Сейсенбі күні NDTV телеарнасы хабарлағандай, бұдан бұрын студенттер Лахул ауданындағы таулы жерге сапарға шыққан, бірақ, дүйсенбі күні штатта қар аралас нөсер жаңбыр жауған.

Қазіргі таңда Үндістанда муссондар маусымы жүріп жатыр. Ол маусым айынан қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Биыл муссондық жауын-шашын өте күшті болып отыр. Соның салдарынан оңтүстік-батыстағы Керал штаты зардап шегіп, 445 адам ажал құшқан. Ал 1,4 млн адам су тасқынына байланысты уақытша үйлерін тастауға мәжбүр болды. 


Фото: AFP

Соңғы жаңалықтар