Үндістанда жолаушылар автобусы шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты
2022 жылғы 4 шілде 14:50

Үндістанда жолаушылар автобусы шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде жолаушылар автобусы терең шатқалға құлап, 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.

Оқиға Үндістанның Химачал-Прадеш штатындағы Куллу округінде болды. Ауыр зардап шеккендерге көмек көрсетіліп, олар ауруханаға жеткізілді. Жергілікті биліктің мәліметінше, автобуста 20-ға жуық жолаушы болған. Жол апатының нақты себебі белгісіз.

Жалпы Үндістанда көлікті абайсыз жүргізу, нашар жолдар және ескірген көліктердің салдарынан адам өлімімен аяқталатын жол-көлік оқиғалары жиі болады. Полицияның мәліметінше, жыл сайын Үндістанда жол-көлік оқиғаларынан 110 мыңнан астам адам көз жұмады.


Фото: abcnews.go.com

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT