Үндістанда жай түсіп, 26 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның шығысындағы Бихар штатында бейсенбі күні жай түсіп, 26 тұрғын мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.

Бихарда қайғылы жағдай үшінші рет қайталанып отыр. 25 маусымда түскен найзағай салдарынан 92 адам, ал 30 маусымда 11 адам қаза тапқан.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, төтенше жағдай қызметі қауіптің жоғары деңгейін жариялағанына қарамастан адамдар күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде де егін алқабында жұмыс істеуін тоқтатпайды.

Бихар үкіметінің министрі Нитиш Кумар қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Сонымен қатар ол аймақта жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап жатқандықтан штат тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар