Үндістанда жай түсіп, 18 піл қырылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатының Нагаонында 18 жабайы пілдің өлі денелері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік шенеуніктер пілдердің Кандоли қорығында найзағай соғуы салдарынан қырылғанын айтып отыр.

Жақын маңдағы елді мекен тұрғындары жануарлардың өлі денелерін тауып, бұл туралы билікке хабарлаған.

Ассамның бас министрі Химанта Бисва Сарма пілдердің осыншама көп санының қырылуына алаңдаушылық білдіріп, арнайы тергеу амалдарының басталғанын мәлім етті.

Үндістанда 27 мыңнан астам азиялық піл бар, соның 21 пайызына жуығы Ассамда мекендейді.

Бұл – осы аймақтағы 20 жылдың ішінде бір уақытта қырылған пілдердің ең көп саны.


Соңғы жаңалықтар