Үндістанда жарылыстан 46 әскери қызметші қаза болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістаннның Джамму және Кашмир штатында болған теракт салдарынан ондаған адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ВВС-ге сілтеме жасап.

Оқиға 14 ақпан күні Пульвама округінің маңында болды. Жанкешті лаңкес 78 көліктен құралған әскери колоннаның жанынан өте бере 350 кг жарылғыш зат орнатылған машинаны жарып жіберген.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, ажал құшқандар саны 46-ға жетті.

Үндістандық әскерилер Джамма қаласынан Шринагарға бара жатқан. Колоннада жалпы 2,5 мың әскери қызметші болған.

Машина 42 адам мінген автобустың тұсында жарылған.

Лаңкестік шабуыл үшін жауапкершілікті Кашмир өңірінің Пәкістанға қосылуын қолдайтын «Джаиш-е-Мухаммад» исламшыл тобының жасақтары алды.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтты.

Фото: www.efe.com

Соңғы жаңалықтар