Үндістанда жаңбырлы маусым басталғалы 770 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда жаңбырлы маусым басталғалы 770 адам опат болды. Тағы 30-дан астам адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

35 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Елдің Ішкі істер министрлігі осылай деп мәлімдеді. Деректерге қарағанда, табиғат апатынан Керала, Уттар-Прадеш, Батыс Бенгалия және Махараштра штаты көп зардап шеккен. Бұл өңірлерде нөсер мен су тасқынынан жүзден астам тұрғын көз жұмды.

Егістік алқаптары бүлініп, ел экономикасы шаш-етектен шығын көрді. Қазір апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған Төтенше жағдай қызметі мен бірге жаяу және теңіз әскери күштері де жұмылдырылған. Айта кетейік, Үндістанда жаздың алғашқы айынан жаңбырлы маусым басталып, қыркүйекке дейін созылады. Осы кезеңде жүздеген адам табиғат апатынан мерт болып, ел экономикасына орасан шығын келеді. 

Соңғы жаңалықтар