Үндістанда үш қабатты тұрғын үй құлап, сегіз адам қаза тапты

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні таңертең Үндістанда үш қабатты тұрғын үй құлап, кем дегенде сегіз адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

25 адам құтқарылған, тағы 20-ға жуығы үйінді астында қалуы мүмкін.

Келеңсіз жағдай Мумбай мегаполисінің жанындағы Бхиванди қаласында болған. Ғимарат Үндістан уақыты бойынша сағат 03:40 шамасында опырыла құлаған. Үйдің не себепті қирағаны әлі белгісіз. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.


Фото:pravda.ru
Соңғы жаңалықтар