Үндістанда түтінге оранған ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сингапурдың Scoot әуе компаниясына тиесілі авиалайнер дүйсенбіде Үндістанның Ченнаи қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANI агенттігіне сілтеме жасап.

Тируччираппалли қаласынан Сингапурға 161 адаммен ұшқан ұшақтың жүк бөлімінен өрт шыққан.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Хабарларға қарағанда, ұшақ бүгін кешкісін Сингапурға ұшып кетеді.

Соңғы жаңалықтар