Үндістанда тұман салдарынан 150 көлік соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Үндістанның солтүстігіндегі күре жолда кем дегенде 50 көлік соқтығысты. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 26 адам зардап шеккен, деп хабарлайды дүйсенбі күні өзінің электрондық нұсқасында Times of India газеті.

Оқиға үнді астанасының жанындағы Үлкен Нойда қаласынан танымал Тәж-Махал кесенесі орналасқан Агра қаласына дейін апаратын алтыжолақты күре жолда орын алған. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Құқық қорғау органдарында жол-көлік апаты кезінде қалың тұман салдарынан жолда ештеңе көрінбегенін айтады. «Автомобиль бірінші жүк көлігіне соқтығысқан. Одан кейін оларға қалған көліктер соғылды. Оқиға орнына құтқарушылар мен жол қызметтері келіп жетті», - деп атап өтті полицияда.

Үндістан жол-көлік апаттарының саны бойынша әлемде бірінші орын алып отыр. Жыл сайын ел жолдарындағы апаттар 150 мыңға дейін адамның өмірін қиып әкетуде.

Соңғы жаңалықтар